8.01.2024, 17:31
Оқылды: 100

Қазақ билері сұлтаннан да беделді болған

Белгілі патша шенеунігі Л.И.Андре Орынбор губернаторлығы кеңсесінде қызметте жүріп, қазақтар туралы жазба естеліктерін қалдырғандардың бірі.

жп дала

Ол 1842 жылдан қазақтың әдет-ғұрып, дәстүрін жинақтауға құлшына кірісіп, патша әкімшілігінен арнайы тапсырма алып 1846 жылы қазақ даласына келеді.

Жанына қазақ тілін білетін Василев деген аудармашыны ертіп, қазақтың орта жүзі мен кіші жүздерін аралап, екі айдан астам уақыт жүріп қазақтар туралы материалдар жинайды.

Сол сапарда өзінің көргені мен естігенін қағаз бетіне түсіріп 1846 жылы «Описание киргизских обычаев» атты жинағын шығарады.

Оның пайымдауынша:

«Қазақтар тұрмысында билер аса үлкен роль атқарады. Әсіресе даулы мәселелерді шешуде халықтық әділдікті орнатады. Олар кей жағдайда сұлтандардан да беделді. Би-төреші өзінің санасынан басқа ешбір билікке есеп бермейді. Сондықтан әдет-ғұрып дәстүрінде билер ерекше орынға ие тұлға» деп жазады.

Зұлқожа Шарафутдинов,

zhaikpress.kz

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале