Шыңғырлау ауданы әкімі Ащысай және Амангелді елді мекендеріне барды. Сапар барысында Ащысай және Амангелді ауылында тұратын мерейтой иелерін арнайы құттықтап, алхысхат табыстады. Олардың еңбегі мен өмір жолына құрмет білдірді.

Сонымен қатар, тұрғындармен жүздесіп, ауылдың тыныс-тіршілігімен танысты. Іссапар аясында Ащысай ауылында жаңадан салынған тұрғын үйлердің маңына ауыл тұрғындарымен бірлесе отырып тал-теректер отырғызылды.

Бұл игі шара ауылды көркейтуге, экологиялық ахуалды жақсартуға бағытталған. Осындай бірлескен бастамалар ауылдың дамуына серпін беріп, тұрғындардың ауызбіршілігін нығайта түседі.
Тілек Китарбаев
Шыңғырлау ауданы