Никита Чирюкин Каирде өтіп жатқан әлем кубогінің күміс жүлдегері атанды, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.
Фото: kazsports.kz
Ол 25 метрден тапаншамен жылдам нысана көздеуде тек Оңтүстік Корея спортшысы Сон Жун Хоға есе жіберді. Никитаның еншісінде 31, ал жеңімпазда 37 ұпай. Қола жүлде алған Флориан Петер (Германия) 27 рет дөп тигізді.
Бұл Ұлттық құрама мергендері Мысырда қол жеткізген 4-медаль (1 алтын, 1 күміс, 2 қола).
Бұл рейтингтік әлем Кубогінде 66 мемлекеттен жиналған 678 сұрмерген 10 жүлде жиынтығын сарапқа салып жатыр.