Бұл туралы Орал қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Қолайсыз күн райына байланысты коммуналдық мекеме қызметкерлері түні бойы жұмыс атқарған.
- 13-нен 14 ақпанға қараған түні қалаішілік жолдарды тазартуға, көктайғаққа қарсы материал себуге 60-тан астам техника тартылды. Құм-тұз қоспасын себуге 17 арнайы техника жұмылдырылған. Көктайғаққа қарсы шара барлық қоғамдық көлік жүретін жол, тротуарда жүргізілді. Күн райы нашарлаған сәттен бастап 2 мыңға жуық тонна реагент пайдаланылды.
Коммуналдық мекеме мамандары бүгін қысқы күтіп-ұстау жұмысын жалғастырады, - делінген хабарламада.
zhaikpress.kz