14.02.2024, 9:00
Оқылды: 27

Оралда көктайғаққа қарсы екі мың тоннаға жуық реагент себілді

Бұл туралы Орал қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Қолайсыз күн райына байланысты коммуналдық мекеме қызметкерлері түні бойы жұмыс атқарған.

жп орал муз

- 13-нен 14 ақпанға қараған түні қалаішілік жолдарды тазартуға, көктайғаққа қарсы материал себуге 60-тан астам техника тартылды. Құм-тұз қоспасын себуге 17 арнайы техника жұмылдырылған. Көктайғаққа қарсы шара барлық қоғамдық көлік жүретін жол, тротуарда жүргізілді.  Күн райы нашарлаған сәттен бастап 2 мыңға жуық тонна реагент пайдаланылды.

Коммуналдық мекеме мамандары бүгін қысқы күтіп-ұстау жұмысын жалғастырады, - делінген хабарламада.

zhaikpress.kz

Фотолар видеодан кадр

жп орал муз жп орал муз

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале