Кеңес әскерінің Ауғанстан Демократиялық Республикасынан шығарылғанына 35 жыл толуына орай Белес ауылындағы үш интернационалист-жауынгердің үйіне арнайы тақтайша орнатылды.
Оған Бәйтерек және Тасқала аудандары біріктірілген қорғаныс істері жөніндегі бөлімнің қызметкері, сержант С.Мусақұлов, Белес мектебінің директоры А.Майемер және басқа да ауыл тұрғындары қатысты.
Интенационалист-жауынгерлерді айтулы күнмен құттықтаған ауылдық округ әкімі Бақытгүл Жүнісова он жылға созылған қанды қырғында есіл ерлердің ерлігі, қаза тапқан жауынгерлер ел жадынан өшпейтінін атап өтті.
Содан соң ауылдық клубта «Оқ пен оттың ортасынан оралғандар» атты ауған соғысының ардагерлерімен кездесу ұйымдастырылды.
Салтанат Зұлқарнаева
Бәйтерек ауданы