21.05.2024, 12:30
Оқылды: 135

«Пржевальский жылқысы» атауы ежелгі қазақша «Керқұлан», «Кертағы» атауларымен толықтырылды

Бұл туралы экология және табиғи ресурстар министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

a1ae78efd69194ea5ff7cf034a107f7e_1280x720

Фото: gov.kz

ҚР экология және табиғи ресурстар министрлігінің орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті ұйымдастырған Қазақстандағы Прежевальский жылқысының тарихи атауы мәселесі бойынша конференцияға Зоология институты, Ш.Уалиханов атындағы Тарих және этнология институты, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, А.Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институты, Қазақстандық биоалуантүрлілікті сақтау қауымдастығы қатысты.

Жиналыстың қорытындысы бойынша «Пржевальский жылқысының» қазақ тіліндегі атауы «Керқұлан», үтір арқылы «Кертағы» деп аталып, тиісті құжаттарға өзгерістер енгізу туралы шешім қабылданды.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале