29.08.2026, 17:45
Оқылды: 3

Жәнібекте Мұстахым Ықсановтың 100 жылдығына арналған облыстық турнир өтуде

Жәнібек ауданында мемлекет және қоғам қайраткері Мұстахым Біләлұлы Ықсановтың 100 жылдығына орай мемлекеттік қызметшілер арасында волейболдан облыстық турнир басталды.

image-29-08-26-11-27 (3)

Аудан әкімінің кубогі үшін өтіп жатқан додаға БҚО әкімдігінің құрамасы мен Ақжайық, Қазталов, Бөкей ордасы, Шыңғырлау, Тасқала, Сырым және Жәнібек аудандарынан келген командалар қатысуда.

image-29-08-26-11-27 (2)

​Жарыстың ашылу салтанатында Батыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Тілепберген Каюпов пен Жәнібек ауданының әкімі Тимур Шиниязов сөз сөйледі.

image-29-08-26-11-27 (1)

Ұйымдастырушылар мен қонақтар Мұстахым Ықсановтың ел дамуындағы тарихи орнын атап өтіп, спорттық дода мемлекеттік қызметшілер арасындағы салауатты өмір салтын дәріптеуге әрі өңірлер арасындағы ынтымақтастықты нығайтуға бағытталғанын жеткізді.

Бану Самат, 

Жәнібек ауданы 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале