Шыңғырлау колледжінде кәсіптік бағдар беріп, мамандыққа үйрету бағытындағы «WorldSkills ORAL-2024» өңірлік чемпионаты өтті.
Аталмыш бәсеке «Кірпіш қалау» бағыты бойынша өтіп, оған облыс орталығынан Жоғары аграрлық-техникалық колледжі, Орал политехникалық колледжі, Тасқала колледжі және Шыңғырлау колледжі студенттері қатысты.
Бұл чемпионат жыл сайын кәсіптік колледждер бойынша өтіп тұратын жарыс. Яғни, мамандық беруде алдыңғы қатарлы оқу орындарын және мамандығы бойынша ең үздік студенттерді анықтау мақсатында өтеді.
Ал, «Worldskills» – мақсаты жұмысшы мамандықтарының мәртебесін арттыру және шеберлік дағдыларын дамыту болатын халықаралық коммерциялық емес қозғалыс. Бұл қозғалыс әлем бойынша жүріп жатыр. Бұған әлемнің 84 елі біріккен.
Студенттердің біліктілігі, өзіне сенімділігі, ісіне жауаптылығы сыналатын жарыс өзге де екі ауданда өтіп, алдағы уақытта нәтижесі шығарылатын болады.
Қаршыға Елемесов
Шыңғырлау ауданы