7.06.2024, 12:45
Оқылды: 28

БҚО-дағы су тасқыны: зардап шеккен тұрғындар құрылысты бейнебақылау камераларынан қарай алады

Батыс Қазақстан облысында су тасқынынан зардап шеккен өңірлерді қалпына келтіру, соның ішінде баспанасыз қалған жандарға тұрғын үй салу жұмыстары қарқынды жүріп жатыр.

FE54ABFA-9F06-4107-AA05-B6D3D8C8E178

Жаңа тұрғын үйлердің құрылысын қадағалау мақсатында облыс бойынша сегіз елдімекенде 16 бейнебақылау камерасы орнатылды. Бұл туралы БҚО әкімдігінің баспасөз қызметі мәлімдеді. 

Атап айтқанда, Қаратөбе ауданының Қоржын ауылына екі бейнекамера, Сырым ауданының Өлеңті және Бұлдырты ауылдарына – төрт, Теректі ауданының Аңқаты және Подстепный елдімекендеріне – төрт, Бөрлі ауданының Ақсу, Кеңтүбек және Пугачев ауылдарына алты бейнекамера орнатылды.

WhatsApp Image 2024-06-07 at 12.32.36

Кез келген адам бейнебақылау  арқылы өңірде жүріп жатқан құрылысты https://www.gov.kz/memleket/entities/qoldau/page/29662?lang=kk сілтемесі бойынша 24 сағат бойы бақылай алады.

WhatsApp Image 2024-06-07 at 12.32.35 (1)

«Бейнекамералардың көмегімен қазақстандықтар зардап шеккендер үшін салынып жатқан тұрғын үй құрылысының барысын қадағалау мүмкіндігін пайдалана алады. Бұл технология, біріншіден, жұмыстың сапалы жүргізілуін қадағалауға мүмкіндік берсе, екіншіден құрылыс материалдарының қолды болмауына жол бермейді», - деді БҚО цифрлық технологиялар басқармасының басшысы Нұрсұлтан Нұрланұлы.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале