10.06.2024, 16:45
Оқылды: 37

Елімізде жыл сайын онкологиялық аурудан 13 мың адам қайтыс болады

Бұл туралы Мәжіліс депутаты Асхат Аймағамбетов «Онкология қызметінің проблемалары мен даму перспективалары» тақырыбындағы отырыста айтты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

2F05C9E5-8A50-4666-B37C-ED4F9BEDF71E

Фото: parlam.kz

– Бізде жаман аурудан жыл сайын 13 мың қазақстандық қайтыс болады. Асқынған үшінші, төртінші стадияда анықталатын науқастар саны өте көп. Өкінішке қарай, ауруды ерте анықтау деңгейі өте төмен болып тұр. Онкологиямен ауыратындардың қатары жасаруда. Қазір негізі басым көпшілігі жастар деп айтуға болады. Өте жас балалар, жас азаматтар ауырып, олардың саны күннен-күнге өсіп жатыр. 2023 жылы онкологиямен ауру көрсеткіші өсті, - деді мәжілісмен.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале