10.06.2024, 17:30
Оқылды: 22

Мемлекеттік қызметке жаңа іріктеу жүйесі енгізілді

Мемлекеттік аппарат қызметін бюрократиядан арылту, мемлекеттік қызметке кіруді және одан шығуды жеңілдету, дарынды басқарушыларды және жеке сектордан кәсіби мамандарды мемлекеттік қызметке тарту, қызметке іріктеуді цифрландыру мақсатында онлайн режимде конкурстық іріктеу өткізу қарастырылды. Бұл туралы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаменті хабарлады.

ЖП, әкімдік

Іріктеудің жаңа тәсілдері 2024 жылдың 1 ақпанынан бастап 2025 жылдың соңына дейін кезең-кезеңімен барлық мемлекеттік органдардп өнеркәсіптік пайдалануға енгізу жоспарлануда.

Батыс Қазақстан облысының жергілікті атқарушы және өкілді органдары, тексеру комиссиясы конкурстың аталған форматына биылғы жылдың 1 шілдесінен бастап көшеді.

Енді азаматтарымыз әлемнің кез келген нүктесінен және қалаған уақытында «eqyzmet.gov.kz» сілтемесі арқылы сыртқы интернет-порталға тіркеліп, конкурсқа ондайн форматта қатыса алады.

Үміткерлерге мүдделер қақтығысы мен сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін болдырмау үшін іріктеу кезеңдерінен өту кезінде иесіздендіру және анонимділікті қамтамасыз ету мақсатында ID-нөмір беру көзделген (конкурсқа қатысушылар мен мемлекеттік орган үміткердің аты-жөнін көре алмайды).

«Е-қызметте» барлық маңызды ақпараттық жүйелермен интеграция жасалды. Ол мемлекеттік қызметке үміткерлерді артық құжат жинаудан босатады. Өзге ақпараттық жүйелерден үміткер туралы ақпарат алу, оның соттылығы немесе өзге бұзушылықтарға қатысы бар-жоғын тексеру, біліктілік талаптарына сай келуін қарау –автоматты түрде жүйе өзі жасайтын болады.

Сондай-ақ «адами фактордың» ықпалын болдырмау үшін конкурс рәсімнің ашықтығын тәуелсіз прокторинг (жүйенің автоматты бақылау функциясы арқылы байқау кезеңдерін бақылау және қадағалау рәсімі) жүйесі қамтамасыз етеді.

Іріктеуге қатысу үшін үміткер өзінің техникалық жабдықтарын (компьютердің, ннтернеттің тұрақты жылдамдығы кемінде 5 мб/сек, жұмыс істеп тұрған веб-камера, микрофон және жеткілікті көрінуді қамтамасыз ететін жарықтандыру) пайдаланады.

Тестілеу жүргізілетін нормативтік құқықтық актілердің саны екі есеге, 9-дан 4-ке дейін қысқартылды. Өз кезегінде, тестілеуде шекті мәнді еңсермеген қатысушылар тестілеуге үш күннен кейін және тестілеу тәртібін бұзған жағдайда бір айдан кейін қайта жіберіледі.

Сонымен қатар, қатысушылардың құзыреттері мен қабілеттерін бағалауына басымдық беретін жаңа іріктеу жүйесі жеке қасиеттерді бағалау, сондай-ақ, осы кезеңнен сәтті өткен үміткерлер мәтіндік және сандық ақпаратпен жұмыс істеу қабілетін бағалаукезеңдерді қамтиды.

Осы кезеңнен кейін үміткерлердің жалпы санының жартысы, бірақ кемінде үшеуі эссе жазу кезеңіне жіберіледі. Бұл басшылық лауазымдар үшін міндетті кезең.

Соңғы кезең – ол мемлекеттік органның конкурстық комиссиясында әңгімелесу. Үміткерге бос лауазым бойынша және алдыңғы жұмыс орындарының қызметтік функционалдық бағыттарына сәйкес жеке қасиеттері тұрғысынан жалпы сипаттағы сұрақтар қойылады. Яғни, заңнамада көрсетілген нақты талаптар бойынша кәсіби сұрақтар қойылмайды.

Конкурстық комиссия құрамының үштен бір бөлігі бос лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда үш жыл жұмыс тәжірибесі бар бағалаушылардан тұрады.

Нәтижесінде, осы жоба азаматтарға шынайы бәсекелестікке жол ашатын, іріктеу кезеңдеріне ыңғайлы уақытта қатысуға мүмкіндігін беретін, рәсімдері толық цифрландырылған іріктеу жүйесі болып, мемлекеттік қызметтің ашықтығы мен қолжетімділігін қамтамасыз етеді.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале