20.06.2024, 10:45
Оқылды: 50

Биыл 400 мыңға жуық бала бақшамен қоштасып, мектеп табалдырығын аттайды – министрлік

Биыл 396 093 бала биыл мектепке дейінгі ұйымдарынан мектепке аттанады. Бұл жайында Оқу-ағарту министрлігі хабарланды. 

жп мектеп

Қазақстанда 1 млн-нан астам баланы қамтитын 11,5 мың мектепке дейінгі ұйым жұмыс істейді.

Биыл мектепке дейінгі дайындықты 396 093 бала аяқтайды. 

Балалардың мектепке дейінгі білім беру қызметіне тең қол жеткізуін қамтамасыз ету мақсатында осы жылдың басынан 10,3 мың орынға арналған 149 мектепке дейінгі ұйым ашылды.

Жыл соңына дейін 77,4 мың жаңа орын іске қосылады.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале