24.07.2024, 17:45
Оқылды: 158

Ақжайықта «Шырқа, гитара» атауымен кеш өтті

Жазғытұрым кешкі уақытта ән тыңдап, уақытты көңілді өткізгісі келетін Ақжайық ауданы орталығының тұрғындары мен қонақтарына аудандық мәдени-демалыс орталығының көркемөнерпаздары биыл сән-салтанаты келіскен, мағыналы шаралар ұйымдастырып келеді. 

IMG_2281

Соңғы кезде аптасына кемінде бір рет жерлестеріміз орталық саябақта керемет кештердің куәсі болып жүр. Осы дәстүрден ажырамаған көркемөнерпаздар өткен бейсенбінің кешінде көпшілікке «Шырқа, гитара» атты әдемі шара ұсынды.

Аты айтып тұрғандай, жанды дауыста шырқалған әндер бұл кеште гитараның сүйемелдеуімен айтылды.

IMG_2279

Өткеннің есті әндері, жаңаның ырғақты әуезін әуелеткендердің қатарында Ақсуат ауылдық округі мәдениет үйінің жетекшісі Лиза Кәрімова, Жаңажол ауылынан Жомарт Жанаев, алмалылық Ақболат Селбаев, Назым Ермекқызы және Кеңсуат ауылдық клубының жетекшісі Тілекқабыл Кенжеғалиев өнер көрсетті.

Олар халық арасында кең таралған, таныс өлеңдерді орындап, жиналған көрерменге шат-шадыман көңіл-күй сыйлады.

Концерт би кешімен жалғасты.

Аида Асылбек

Ақжайық ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале