26.07.2024, 15:00
Оқылды: 23

Әскери қызметшілер қоян-қолтық ұрыстан Ұлттық ұлан чемпионы атанды

23-25 шілде аралығында Петропавл қаласында орналасқан «Жеңіс» олимпиадалық резерв балалармен жас өспірімдер мамандандырылған спорт мектебінде, халықаралық дәрежедегі спорт шебері Азамат Нұрпейсовті еске алуға арналған қоян-қолтық ұрыстан чемпионат өтті. Аталмыш жарыста ҚР ҰҰ «Батыс» өңірлік қолбасшылығының командасы чемпион атанды. Бұл туралы ҚР ҰҰ «Батыс» ӨңҚ баспасөз қызметі хабарлады.

45E2238C-E0E4-49E6-A450-ECA91104C94C

Жарыстың негізгі мақсаты – әскери қызметшілердің дене дайындығы мен спорттық шеберлігін арттыру, салауатты өмір салтын насихаттау. Жарысқа еліміздің түкпір-түкпірінен 7 команда, барлығы 70-ке жуық спортшы қатысты.

Әлем чемпиондарымен қатар спорт шеберлері қатысқан жарыс 10 салмақ дәрежесінде өткізілді.

B01EE0CE-E3DF-4CD6-BA96-BFCDB2D05D2A

Жарыс қорытындысы бойынша бірінші орынды «Батыс» өңірлік қолбасшылығының құрама командасы, екінші орынды «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығының құрама командасы, ал үшінші орынды «Орталық» өңірлік қолбасшылығының құрама командасы иеленді.

Турнир жеңімпаздарына кубоктар, медальдар мен бағалы сыйлықтар табысталды.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале