26.07.2024, 17:15
Оқылды: 406

Жаңаталаптық кәсіпкер кір сабын шығарады

Бүгін Көпжасар ауылының тұрғыны Айдос Қабиденұлы мен жары Шынар Ажыханованың отбасылық кәсіптеріне шолу жасап, кір сабын шығару жолдарымен танысқан болатынбыз.

73E99AAE-885D-4B61-9BB7-0B363C403E23

Еңбек иелері бұған дейін де қайтарымсыз грант ұтысына қатысып, дөңгелек жөндеу орталығы мен шаштараз ашқан болатын. Соңғы бір ай турасында әлеуметтік желі арқылы Алматы қаласынан арнайы құрылғыға тапсырып беріп, жаңа кәсіпті екеулеп қолға алып отыр.

Жалпы құрылғының құны 1 миллион теңгені құрайды. Ал өндірістен шығып жатқан сабындар 200-250 теңгенің шамасында бағаланып отыр.

72541A10-F44A-4C1F-AA35-A08F9A72B628

Сонымен қатар дайын болған тауарға «Көпжасар» белгісі басылып, пайыздық мөлшері де енгізіледі. Содан кейін ғана тұтынушыларға жол тартады екен.

– 2017 жылдан бері ауылдағы балабақшада күзетші болып жұмыс жасаймын. Бір күнкөріс көзі аздық ететіндіктен, өз атыма несие алып, жолдасыммен бірге ойлана келе, осы кәсіпті бастаймыз дегенге шешімге келдік. Қазіргі таңда көтерме бағамен аудан орталығындағы, ауыл ішіндегі дүкендерге сатылымға шығарып жатырмыз. Сондай-ақ, дәл осы жерден келіп алып кетіп жатқандар да бар. Тауардың толықтай дайын болуы үшін кем дегенде 1-2 күн ғана уақыт кетеді. Яғни, әр бөлімнен еппен өткізіп, толыққанды тексерістен кейін ғана дүкендерге жөнтелтеміз. Еңбек етуді жаны қалаған адамға, «қалауын тапса қар жанады» демекші, қоспаның барлығын мөлшерлеп, есеппен дайындайтын болсақ, мүсіні де, ерітіндінің өзі де керемет болып шығады. Жолдасым Шынар бос уақытында қасымда болып, үнемі көмектеседі. Себебі, дөңгелек жөндеу орталығын да, шаштаразды да өзім жүргізіп отырмын. Әзірге барлығына да баппен үлгеріп жатырмын. Күніне жалпы есеппен 160 данадай дайындаймыз, - дейді еңбек иесі.

3542D9EE-3713-43FE-91A7-BB49EEBF8A51

Әрі қарай, ауыл ішіндегі дүкендерді аралап жүріп, дәл осы сабынды қолданып көрген тұрғындардың пікірін де сұраған болатынбыз.

– Ауылдасымыз Айдостың тауарын көтерме бағада 180-160 теңгеден сатып алып, өз дүкенімізге сату шығарып жатырмыз. Отандық өнімді қолдағау, оны барша халыққа жария қылу – біздің міндетіміз. Бір қораптың ішінде 24 дана бар. Өзім қолданып, жақсы деңгейде дайындалғанын көріп, шын қуанып отырмын. Алдағы уақытта да аяқтан шалмай, керісінше барымызша демеу білдіреміз деп ойлаймын, - дейді «Рауан» азық-түлік дүкенінің иесі Бағдат Батықайырова.  

Көпшіліктен қалыспай, біз де 44 жастағы төрт баланың әкесін жаңа бастамасымен құттықтай отыра, еңбекқорлығы мен ізденімпаздығына таңданып, әрі қолдау білдіріп, жаңа бастамасына өз үлесімізді қостық.

Ақерке Ғилымхан

Жаңақала ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале