30.07.2024, 15:45
Оқылды: 17

Шыңғырлауда «Кеш жарық, Шыңғырлау!» атты ән кеші өтті

Шыңғырлау ауданының орталық саябағында Дән мәдениет үйі «Кеш жарық, Шыңғырлау!» атты ән кешін ұйымдастырды.

кеш жарық

Жаздың жылы кешінде ауыл тұрғындарының басын қосқан концерт өте жоғары деңгейде өтті.

Шымылдығы қазақтың шабыт берер «Сәлем, Қазақстан» термесімен ашылған кеш Дән мәдениет үйі ұжымының, тәрбиеленушілерінің, халықтық «Елім-ай» әжелер ансамблінің, аудан өнерпаздарының орындауларындағы әуезді әндермен, әдемі билермен жалғасты.

кеш жарық4

Сондай-ақ кеш қонақтары Сандуғаш пен Қарлығаш Дәрібаевалар, Нұрәлі Қармыс, Әділет Орынов қазақ тілінде, өзге де тілдерде қазіргі хит әндерді шырқап, көрермен қошеметіне бөленді.

кеш жарық6

Мың бұралған бишілер көз қуантып, әсем дауысты әншілер Шыңғырлауды өнерімен тербеді.

Шара соңында кеш қонақтарына әркез белсенділік танытып, шыңғырлау халқына өнерлерін арнап жүргендері үшін аудандық мәдени-демалыс орталығының директоры атынан алғысхаттар табысталды.

кеш жарық3

Осындай керемет кеш ұсынып, демалыс уақытын көңілді өткізуге мүмкіндік бергені үшін барша өнерпаздарға, ұйымдастырушыларға халық дән риза.

Гүлжазира Асу

Шыңғырлау ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале