16.08.2024, 12:45
Оқылды: 58

Жәнібекте Спорт күні аталып өтті

Жәнібек ауданының орталық алаңында Спорт күніне орай алуан түрлі спорт түрінен жарыс ұйымдастырылды.

7C403F10-AE83-4D20-BEDB-7C12A38E1C47

Оның ішінде арқан тартыс, қол күресі, гір спорты, мас-рестлинг пен футболдан көшеаралық жарыс бар.

Аталмыш шараға Жәнібек аудандық полиция бөлімі қызметкерлері, аудандық шекара бөлімі қызметкерлері, Т.Жароков атындағы мектебінің ұжымы, аудандық спорт мектебі ұжымы қызметкерлері және ауыл жастарынан құралған құрама командалары қатысты.

5CEABD80-147B-4FC6-9085-AF195A657793

Әйелдер арасындағы қол күресі аталымы бойынша жүлделі I орынды Альбина Бейісова, II орынды Айымгүл Құбаева, III орынды Толқын Қожасова иеленсе, ерлер арасында қол күресінен I орынды Жалғас Берікғалиев, II орынды Райымбек Темірбекұлы, III орынды Марал Төлешов жеңіп алды.

Гір спортынан жүлделі I орынды Мерген Задоров иеленсе, II орынды Қуаныш Қалдұқов, III орынды Райымбек Нұрғалиев місе тұтты.

Сайыстың ең қызық бөлімі арқан тартыс ойыны өте қызу өтті. Бұл бөлім бойынша аудандық шекара бөлімі қызметкерлері ұйымшылдықтарын көрсетіп I орынды қанжығаларына байласа, полиция бөлімі қызметкерлері де мықтылықтарын дәлелдеп, жүлделі II орынды иеленді. III орынды Т.Жароков атындағы мектебі ұжымы командасы жеңіп алды.

110241DA-821D-470A-9659-59D6BED0C198

Ал әлемдік деңгейдегі олимпиада ойындарының қатарынан саналатын ерлер арасындағы мас-рестлингтен I орынды Райымбек Темірбекұлы, II орынды Жалғас Сейілов, III орынды Қуаныш Қалдұқов иеленді.

«Жәнібек» спорт клубында болған шағын футболдан Т.Әбдірахманов көшесінің тұрғындары I орынды, А.Иманов көшесінің тұрғындары II орынды, Х.Чурин көшесінің тұрғындары жүлделі III орынды иеленді.

Спорт күні мерекесі қарсаңында саламатты өмір салтын ұстану тек пайдалы ғана емес, қызық әрі көңілді екенін көрсетуге бағытталған шара өз мәресіне жетіп, барлық жеңімпаздар мен жүлдегерлер ақшалай сыйақы және медаль, дипломдармен марапатталды.

Арай Сейфолла

Жәнібек ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале