24 тамыз күні Орал атшабарында бәйгеден Қазақстан Республикасы чемпионатының ІХ іріктеу кезеңі өтеді. Бұл туралы «Бәйге федерациясы» республикалық қоғамдық бірлестігінің баспасөз қызметі хабарлады.
«Орал қаласы Қазақстан чемпионатының финалында жүлделер мен Қазақстанның үздік шабандоздарын қарсы алады.
Еліміздің үздік шабандоздары бәйгенің төрт түрі: құнан бәйге, топ бәйге, аламан бәйге және ұлы аламан бойынша сынға түседі. Жалпы жүлде қоры – 30 000 000 теңге.
Сондай-ақ, чемпионаттың бас серіктесі көрермен үшін жалпы сомасы үш миллион теңгені құрайтын жүлделер ұтыс ойынын өткізеді.
Іс-шара серіктестері: «Бәйге федерациясы» республикалық қоғамдық бірлестігі, Орал қаласы әкімдігі, Қазақстан Республикасының Ұлттық спорт түрлері қауымдастығы.
Іс-шара демеушілері: Kusto Group, Shifer.kz, Sport+, Дүниежүзілік көшпенділер ойындары, MYD production, YPO Kazakhstan, Ulttyq Sezim», делінген хабарландыруда.