Бүгін Жаңақала ауданындағы мәдени-демалыс орталығында әкімдік пен мансап орталығы және жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен түлектерді жұмысқа орналастыру бойынша ашық әкімдік өтті.
Аталмыш жиынға жұмыссыздар мен күні кеше қолына жоғары оқу орнының дипломын ұстаған жас түлектер қатысты. Жиналғандар өз мамандықтары бойынша жұмыс іздеп, қосымша ақпараттар алды.
Қажетті құжаттардың тізімін және атқарылатын істер мен бос орындар туралы жеткілікті мәлімет берілгеннен кейін, мектеп директорлары да бос орындар туралы айтты.
Ақерке Ғилымхан
Жаңақала ауданы