20.08.2024, 17:45
Оқылды: 127

Бөрлілік Әселхан Роглакова тоғызқұмалақтан «Абай жүлдесі» турнирінде үздік атанды

Қазақстан Республикасы мәслихаттарының 30 жылдығы аясында және V дүниежүзілік Көшпенділер ойындарын қолдау мақсатында облыстық мәслихаттың ұйымдастыруымен тоғызқұмалақтан «Абай жүлдесі» атты турнир өтті. 

79DE0441-C642-4386-B507-241AF6E28374

Ондағы мақсат – биылғы жылғы мәслихаттардың 30 жылдығын атап өту, сонымен қатар, V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарын қолдау және ұлттық ойынымыз – тоғызқұмалақ спортын дәріптеу.

Жарысқа облыстық мәслихат аппаратының қызметкерлері және депутаттар, БАҚ өкілдері мен блогерлер қатысты.

Ерлер мен әйелдерден құралған жекелей сында бәсеке жоғары деңгейде болды. Турнирға аудандық мәслихат атынан команда жасақталып қатысты.

Нәтижесінде команда мүшелері Серікбай Мұрзашев пен Әбдібек Ақбергенов алғысхатпен марапатталса, әйелдер арасында жүлделі бірінші орынға команда мүшесі Әселхан Роглакова ие болды. Сонымен қатар 23 тамыз күні Астана қаласында өтетін финалға жолдама алды.

Айым Нұрғалиева

Бөрлі ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале