23.08.2024, 10:15
Оқылды: 176

БҚО-да 136,5 мың гектар дәнді дақыл жиналды

Батыс Қазақстан облысында егін жинау науқаны белсенді жүргізіліп жатыр, деп хабарлады АШМ-ның баспасөз қызметі.

4A6BFE82-81E5-428C-B978-05D7396F5DFE

Сурет: pixabay.com

Осы жылы облыс бойынша барлық ауыл шаруашылығы дақылдарының егістік ауданы 615,5 мың гектарды құрады. Оның ішінде дәнді дақылдар – 312,8 мың гектар, майлы дақылдар – 102 мың гектар, жемшөп дақылдары – 196,7 мың гектар және картоп, көкөністер мен бақша дақылдары – 4,0 мың гектар.

Бүгінгі таңда 136,5 мың гектар дәнді дақылдар жиналды, орташа өнімділігі 9,7 ц/га болатын 132,9 мың тонна дән бастырылды.

Жалпы алғанда, егін жинауға 20 мыңнан астам арнайы техника, оның ішінде 886 дәнді дақылдарды жинау комбайндары, 12 010 трактор, 3 666 шашыратқыш және т.б. қатысып жатыр.

Облыста дән қабылдау, сақтау және өңдеу қызметтерін көрсететін сегіз элеватор бар.

Олардың сыйымдылығы 634,8 мың тоннаны құрайды, бұл аймақта өндірілген дәнді толықтай сақтауды қамтамасыз етеді.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале