23.08.2024, 12:15
Оқылды: 148

Жаңақалада жазғы фестиваль мәресіне жетті

Жаңақала аудандық мәдени-демалыс орталығына қарасты ауылдық мәдениет үйлерінің «Жаңақалам – жайсаң далам» атты жазғы фестивалінің қорытынды гала концерті өтті.

9F16ADB4-7930-4026-9326-FE9F94411BDD

Киелі мекенімізде аудан тұрғындарының жазғы бос уақытын тиімді өткізу мақсатында аудандық мәдениет үйі осы жылдың маусым-тамыз айлары аралығында аталмыш фестивальді ұйымдастырған болатын. Тамылжыған жаз айларында ұлттық өнерімізді ұлықтау, қадір-қасиетін түсіндіру барысында өткізілген концертке барша ауыл көркемөнерпаздарының әр бейсенбі сайын атсалысқанына куә болдық.

Фестивальде бар ауылдың салтын сақтап, дәріптеп жүрген әжелер ансамблі, халыққа иіліп сәлем салып, ақ ұсынған келіндері, ерекше бағыттағы ретро әндері, жас буынның заманауи билері мен нақышына келтіре орындаған көркемсөздері көпшілікке ұнап, қошеметке бөленді.

478E05D0-41F9-4611-99A7-6D12954194BD

Жазғы кештің алғашқы шымылдығын жиырмасыншы маусым күні жаңақазандықтар мен жуалыойлықтар ашса, сегізінші тамыз күні Пятимар ауылы аяқтаған болатын.

Шара басында аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Ақнұрлы Нұрғалиқызы сөз алып, аудан әкімі атынан көркемөнерпаздарға алғысхат табыс етті.

919DA6F2-8DDF-4B03-A601-449F4B742AF5

Әрі қарай өнер иелерінің туындылары паш етіліп, дүйім жұрт шапалағын аямады. Кеш «Жаңақала – гүл қала» әнімен қорытындыланды.

Ақерке Ғилымхан

Жаңақала ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале