27.08.2024, 17:15
Оқылды: 166

Бөрліде Семей ядролық полигонында зардап шеккендерді еске алу шарасы өтті

Бөрлі аудандық мәдениет үйінде Семей ядролық полигонында зардап шеккен азаматтарды еске алуға арналған «Семей полигоны – тарихтың қайнар қасіреті» атты шара өтті.

001AC9B4-60B0-4E75-B0FA-079CBCB29F13

Семей ядролық полигоны – ең ірі ядролық сынақ полигондарының бірі саналады. Алғашқыда жасалған сынақтан адам да, жануар да, табиғатта зардап шеккен болатын. Кейіннен сынақтар жер астында жасала бастады. Полигонға жақын аймақтағы аудандарда жетілуінде ауытқулары, әр түрлі кемшіліктері бар сәбилер дүниеге келе бастады.

D7A0990D-CCCC-46AC-B0C9-12E8CB7950A5

Кеш барысында осындай қауіпті сынақтың кесірінен зардап шеккен жерлестерімізді еске алып, 1 минут үнсіздік жарияланды. Әрі қарай аудан әкімінің уақытша міндетін атқарушы Алтай Тоғжанов «Семей полигонының жабылуына – 30 жыл» атты медалімен Төремұрат Жұмашев, ҚР Чернобыль ардагерлері одағы кеңесінің шешімімен «Сынақ алаңындағы қызметі үшін» медалімен Сағынғали Сәрсенов, «Ерекше тәуекелді жауынгер» республикалық қоғамдық бірлестігінің медалімен Саясат Бисеновтерді марапаттады.

Сондай-ақ «Семей полигонының ардагері» медалімен Арман Нұрмұханов, «Семей ядролық сынақ полигонына – 70 жыл» медалімен Бекенғали Қарасаев, «Медициналық көмек көрсеткені үшін» медалімен кардиолог дәрігер Бақыт Сұлтанбекова, «Ерекше тәуекелді жауынгер» республикалық қоғамдық бірлестігінің Құрмет грамотасымен аудандық орталық аурухананың басшысы Алтынай Баймұратова марапатталды.

Айдана Абдрахманова

Бөрлі ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале