28.08.2024, 21:00
Оқылды: 172

Шыңғырлауда «Семей қасiретi» атауымен кездесу өтті

Семей жеріндегі зұлматтың салқыны әлі күнге сезіледі. Ядролық сынақтардан жапа шеккен тұтас бір облыс қана емес, сол жерде әскери қызметін өтеп жүрген жас сарбаздар да бар. Сол кездегі саясаттың астарын бүгінде білмейтін жан жоқ әрі сынақтардың куәгерлері біздің ауданымызда да бар. Осы ардагерлердің естеліктерін тыңдау-жүздесу мақсатымен 29 тамыз – Семей ядролық сынақ полигондарының жабылған күні қарсаңында Шыңғырлау аудандық мәдениет үйiнiң ұйымдастыруымен «Қоғамдық жаңғыру» кабинетінде «Семей қасiретi» атты кездесу кешi өтті.

2697FEAA-C911-4F66-AB58-5A007CD34C94

Шарада «Семей сарбаздары» ерекше тәуекелдi солдаттар қоғамдық бiрлестiгінiң төрағасы Жарқын Нұров сөз сөйлеп, барша ардегерлер кезегімен әңгіме өрбітті. Ардагерлер өздері куә болған жайттармен бөлісе отырып, қазақ халқын, оның ұрпағын ауыр зардаптарға әкелген мұндай сынақтардың ендігі жерде бетін аулақ қылсын, ұрпағымыз аман болсын десті.

Кездесу барысын аудан өнерпаздары да өнер өрнектерімен айшықтап отырды.

Шара соңында Туренияз Имамбаев бата беріп, Аңсаған Хибашовтың сүйемелдеуiмен барша қатысушылар «Шыңғырлауым – сәнді өлкем» әнін бірге шырқады. Ардагерлерге аудандық мадени-демалыс орталығы атынан шағын сыйлықтар табысталды.

Жанаргүл Баубекова

Шыңғырлау ауданы  

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале