6.09.2024, 17:31
Оқылды: 83

Мағжан Шамшадин: «Салмақ ауыстырмаймын, жыл соңына дейін жарысқа қатысатын жоспар бар»

Дзюдодан Қазақстан командасының мүшесі Мағжан Шамшадин маусым  соңына дейінгі жоспарларын айтып, шағын сұхбат берді, деп жазады Olympic.kz.

81BE494D-5578-449E-82F5-9A6CD998408D

Сурет: Olympic.kz

Шамшадин 60 келі салмақта сынға түсіп, биыл Душанбеде өткен Grand Slam турнирінің финалына дейін жеткен болатын.

«Жарақатым мазаламайды, бабым жақсы. Жаттығуды бастап кеттім. Алдағы маусымдарда да осы салмақта қаламын. Қазіргі таңда Әбу-Дабиде өтетін Grand Slam турниріне қатыссам деген жоспарым бар»,- деді дзюдошы.

Айта кетелік, Мағжан Шамшадин биылғы мауасымда жарақатына байланысты көптеген жарысқа қатыс алған жоқ.

Ол Олимпиада қарсаңындағы іріктеу турнирінде Елдос Сметовке есе жіберген болатын.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале