Ғ.Құрманғалиев атындағы облыстық филармонияның «Атамекен» камералық ансамблі және классикалық әншілердің «Саз әлемі» атты маусымашар концерті өтті.
Жан тебірентерлік кеште Бахтың «Шутка», Гендельдің «Сероя» ариясы, Вивальдидің «Аллегросы», Э.Преслидің «Can’t heIp faIIing in love», «Не искушай меня без нужды», «Тустеп» секілді шетелдік классикалық туындылармен қоса, «Абай» ариясы, «Жасымда ғылым бар деп ескермедім», С.Мұхамеджановтың «Айсұлу» операсынан «Серке кавантинасы» және тағы да басқа танымал әндер орындалды.
Концертте облысқа танымал әншілер, «Құрмет» орденінің иегері, Қазақстанның еңбек сіңірген артистері Қанатқали Қожақов, Жұмағаным Рахимова, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Мұрат Әмірханов, «Атамекен» камералық ансамблінің жетекшісі, ҚР Мәдениет саласының үздігі Владимир Баяндин, Ақсұлу Жұмалиева, Ақмарал Ахметова, «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегерлері Эльмира Усаева, Айбар Хайырханов және халықаралық, республикалық конкурстардың лауреаттары Галина Калашникова, Альбина Наурызалиева, Дина Давлетьярова, Дамир Сатыбаев, Аида Габдеева, Айбек Тұрарбеков, Алтынбек Оразов өнер көрсетті.
Одан бөлек, примашы Виктор Витман, концертмейстерлер Гүлмира Тащанова, Наталья Дудукалова, Галина Андреевалар сүйемелдеді.
Кештің жоғары деңгейде өткенінің дәлелі, классика сүйер қауым «Браво!», «Бәрекелді!» десіп қиқулап отырды.
Көрермен күміс таңдай әншілеріне гүл шоқтарын тарту етіп, құрмет көрсетті.
Айжан Бауыржанқызы
Орал қаласы