26.09.2024, 15:15
Оқылды: 107

Оралда қай алаңдар абаттандырылып жатыр?

Орал қаласында тағы бір аула – балалар мен спорт алаңы заманауи үлгіде қайта жаңғыртылды. Абай көшесі 196/1 үйдің ауласына жаңа әткеншектер, спорттық құрал жабдық орнатылды. 12 қабатты ғимаратта зейнеткерлер де, кішкентай балалары бар жас отбасылар да тұрады.

жп орал, торговый дом, улица1

– Осындай керемет алаңқай ашылып жатқанына өте қуаныштымыз. 1983 жылы тапсырылған кезінен бастап 40 жылдан астам уақыт осы үйде тұрамыз. Балалардың алаңсыз ойнауына, үлкен кісілерге спортпен, салауатты өмір салтымен айналысуына жағдай жасап жатқан қалалық әкімдікке рақмет айтқым келеді, – деді тұрғын Розалия Иманғалиева.

Орал қаласында 537 аулалық аумақ бар. 2007-2019 жылдар аралығында 300 аула жөнделді. Соңғы үш жылда, 2021-2023 жылдары 64 аула абаттандырылды, жалпы сомасы 1,1 млрд теңгеге 31 аула жөнделді.

– 2023-2024 жылдары 1,4 млрд теңгеге 24 ауланы кешенді абаттандыру жұмысы жүргізілуде. Биыл 13 ауланы жаңғыртамыз. Мердігер компаниялар аулаға тротуар салу, шағын сәулеттік пішіндер орнату, спорт және балалар ойын алаңдарын салу, асфальт-бетон төсеу, жарықтандыру бойынша жобаларды жүзеге асыруда. 2022 жылы спорт және балалар алаңдарын салудан үнемделген қаржыға 9 аула жөнделуде. Қалалық мәслихат депутаттары мен әкімдік қызметкерлерінен құралған комиссияның шешімімен uralsksmartmap.kz сайты арқылы тұрғындар жолдаған өтініштер іріктелді. Өткен жылдың қазан айында ibatys.kz сайтында 2025-2026 жылдарға арналған аулаларды абаттандыру жұмыстарын жүргізу үшін аула аумақтарын таңдауға өтінімдер қабылданған болатын. Осы кезеңде тағы 30 ауланы абаттандыру жоспарлануда. Естеріңізге сала кетейін, кез келген азамат өз ауласының схемасын көрсете отырып, абаттандыруға өтініш бере алады. Әр ұсынысты арнайы комиссия қарайды, – деді облыстық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Абылай Нұрмақов.

Құндыз Мержанқызы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале