6.10.2024, 11:34
Оқылды: 103

«Дауыс беру заң бұзушылықсыз өтіп жатыр»

IMG-20241006-WA0144

Ренат Ескаков, Орал қаласындағы теннистен облыстық мамандандырылған олимпиада резервінің балалар-жасөспірімдер мектебіндегі №444 учаскедегі байқаушы:

– Елімізде атом электр стансасының құрылысына қатысты республикалық референдум өтуде. Мен «Дауыс» қоғамдық байқаушылар коалициясы» республикалық қоғамдық бірлестігінің байқаушысы ретінде келіп отырмын. Дауыс беру заң бұзушылықсыз өтіп жатыр. Тұрғындар белсенділік танытуда. Сағат тоғыздар шамасында 60-тан астам адам дауыс берді. Қарттар да, жастар да саяси науқаннан қалыс қалмауда. Менің қасымда басқа ұйымдардан келген байқаушылар бар. Бұған дейін де елде өткен сайлауларда байқаушы болып жүрдім.

Айна Имашева

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале