6.10.2024, 12:12
Оқылды: 51

Сырымда ардагер полиция дауыс берді

Келер жылы мерейлі 80 жасқа толатын Демеуғали Беркалиев пен жары Мәншүк Тынысқызы №290 дауыс беру учаскесіне келіп, отбасымен таңдау жасады.

1728194208463_105910

Саналы ғұмырын ауданның құқық қорғау саласына арнаған аға дауыс беруге үнемі өмірлік жарымен келетін үрдісінен бүгін де жаңылмады.

— Өз ұстанымымды таныту үшін референдумға  келдім. Бұл менің ерік-жігерімнің көрінісі ғана емес, сондай-ақ азаматтық парызым. Сондықтан да дауысберуге науқанына саналы түрде қатысып келемін, - дейді ардагер полицей.

Шынар Молданиязова

Сырым ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале