Аталған қордың басқарма төрағасының бұйрығымен Сандуғаш Болысбекова Батыс Қазақстан облысы бойынша филиалының директоры болып тағайындалды. Бұл туралы Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының Батыс Қазақстан облысы бойынша филиалы бөлімінің сарапшысы Сымбат Жанабергенқызы хабарлады.
Осы уақытқа дейін ол астаналық филиал директорының орынбасары қызметін атқарып, сондай-ақ орталық аппараттағы медициналық көмектің сапасын бақылау департаментінде медициналық көмекті мониторингтеу әдіснамасы басқармасының басшысы болды.
Сандуғаш Киясбайқызы Астана медициналық университетін «Емдеу ісі» мамандығы бойынша тәмамдаған.
Жалпы жұмыс өтілі 13 жылдан астам, оның ішінде бес жылдан астам уақыт жетекшілік қызметтерде еңбек етті.