15.10.2024, 12:45
Оқылды: 44

Оралда шахмат сыныбы ашылды

Қазақстан шахмат федерациясы «Freedom Broker» және КҚ «Freedom Шапағат» қолдауымен Орал қаласындағы №37 орта мектепте шахмат сыныбы ашылды.

IMG_8632

Еліміздің шахмат федерациясы мен Оқу-ағарту министрлігі, ғылым және жоғары білім министрлігімен және жергілікті атқарушы құрылымдар бірлесе жүзеге асырған шара «Білім берудегі шахмат» жобасын ілгерілетуді көздейді.

Шахмат сыныбының ашылу салтанатына облыстық білім басқармасы басшысының орынбасары Луара Батырғалиева, Қазақстан Шахмат федерациясының өкілдері Гүлжан Бапанова мен Ақжүніс Артықбай, облыстық шахмат федерациясының басшысы Марат Қазкенов және алып күш иесі, Гиннес рекордтар кітабының рекордсмены Сергей Цирульников, сондай-ақ Орал қаласы мәслихатының депутаты Асланбек Аминов, БҚО қорғаныс істер жөніндегі бөлім бастығы, полковник Жақсылық Айтбаев қатысты.

Салтанатты шарада сөз алған Луара Батырғалиева балаларға логикалық ойлауды, стратегиялық жоспарлауды үйрететін осындай сыныптың ашылғанын жақсылыққа балап, Бибісара Асаубаева мен Жансая Әбдімәлік сияқты ұшқыр ойлы қыздарымыздың жолын жалғайтын шәкірттер көп болады деген сенім білдірді.

Енді шахмат сыныбы мектеп балаларына факультатив ретінде жүретін болады. Қазірдің өзінде бастауышта оқитын 100-ден аса бала аптасына екі рет шахмат ойнауды үйренеді.

Түгелбай Бисен

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале