16.10.2024, 17:30
Оқылды: 33

Батыс Қазақстанның алты ауылында жаңа әкім сайланады

Батыс Қазақстан облысының алты ауылда жаңа әкім сайланады.

сайлау 2024 картинка (1)

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» ҚР Конституциялық заңының 113-1 бабына сәйкес, 2024 жылғы 24 қараша күні өкілеттігі аяқталуына байланысты Жаңақала ауданының Қызылоба ауылдық округінде, Жәнібек ауданының Талов ауылдық округінде және Казталов ауданының Тереңкөл ауылдық округінде әкім сайлауы өтеді. Сондай-ақ мерзімінен бұрын өкілеттігі тоқтатылуына байланысты Ақжайық ауданының Алмалы, Қабыршақты және Құрайлысай ауылдық округінде әкімдер сайлауы өтеді», - деп хабарлады БҚО аумақтық сайлау комиссиясы.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале