Орал қаласында Батыс Қазақстан облысының мәдениет, тілдерді дамыту және архив істері басқармасының қолдауымен өңір бойынша мәдениет, білім, спорт саласы, мемлекеттік қызметкерлері арасында «Qazaqsha Quiz» зияткерлік сайысының финалы өтті.
Бұл сайыстың негізгі мақсаты — мемлекеттік тілді насихаттау, ұлттық құндылықтарды дәріптеу және тіл мәдениетін көтеру. Финалдық бәсекеге осыған дейін іріктеу кезеңдерінен жеңіске жеткен алты үздік команда қатысты:
Сайыс бірнеше кезеңнен тұрды, қатысушылардың логикалық ойлау қабілеті мен тілдік білімдерін сынайтын бөлімдерден құралды. Әр кезең қатысушылардың білімін тереңдетіп, ұжымдық жұмысты нығайтуға бағытталған.
Нәтижесінде «Maхaмбeт jastary» командасы жоғары ұпай жинап, жеңімпаз атанды.
Олар өздерінің терең білім-бірліктерімен ерекшеленіп, жоғары нәтижеге қол жеткізді. Қалған командалар алғысхаттармен және естелік сыйлықтармен марапатталды.
Жарыстың әрбір кезеңінде ерекше көзге түскен ойыншылар жеке марапатталды.
Бұл сайыс қатысушылардың мемлекеттік тілге деген қызығушылығын арттырып қана қоймай, олардың рухани және патриоттық құндылығын нығайтуға да үлкен үлес қосты.
Ұйымдастырушылардың айтуынша, мұндай іс-шаралар алдағы уақытта да жалғасын табады.