25.10.2024, 14:25
Оқылды: 150

Оралда 78 жанұя баспаналы болды

Ұлттық мерекеде тұрғын үй кезегінде тұрған 78 жанұяға Орал қаласы бойынша тұрғын үй қорынан пәтер кілттері салтанатты түрде табысталды.

bd85641c-26e6-4052-ba3c-84619b6deb62

Суреттерді түсірген Мади Салық / zhaikpress.kz

Қазақстан Республиканың Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауында «Азаматтарымыздың тұрғын үй жағдайын жақсарту жөніндегі жұмысты жалғастыру маңызды» деп атап өткен болатын.

f08f0d51-59e4-414c-8da5-973a2f930905

Бұл мемлекет саясатының стратегиялық басым бағыттарының бірі. Президент тапсырмасына сәйкес, облысымызда тұрғындарды қолжетімді және сапалы баспанамен қамтамасыз ету үшін жаңа тұрғын үйлердің құрылысы белсенді жүргізілуде. Орал қаласының әкімі Мұрат Байменов жаңа баспананың кілт табыстау рәсіміне қатысып, мерекемен құттықтады.

72012635-2576-4e9f-8b85-eddfeebcac75

– Құрметті тұрғындар, алдымен сіздерді Республика күнімен шын жүректен құттықтаймын! Көптен күткен баспанаға бүгін қол жеткізіп жатсыздар. Президентіміз өзінің кезекті Жолдауында халықтың әл-ауқатын көтеру, халық өмірінің сапасын арттыру мемлекеттің басты міндеті деген. Мемлекеттік бағдарламалар аясында Орал қаласында 11 үйдің құрылысы жүріп жатыр. Ақжайық шағын аудандында 5 үйді жыл аяғында табыстау көзделіп отыр. Ол үйлер «Отбасы банк» арқылы жеңілдетілген несиемен тұрғын үй кезегінде тұрған азаматтарға беріледі. Осыдан екі жыл бұрын, «Тұрғын үй коммуналдық инфрақұрылымды дамыту» тұжырымдамасы бектілген еді. Осы тұжырымда бойынша қаламызда салынған үйлерді мемлекет сатып алып, кезекте тұрған азаматтарға несие арқылы беру жоспарланды. Құрметті жаңа пәтер иелері, баспаналарыңыздан береке, шаңырақтарыңыздан шаттық арылмасын дегім келеді. Осындай қуанышты сәттер қаламызда көп болғай! - деді Орал қаласының әкімі Мұрат Болатұлы.

5b2b6424-6658-4f5b-abd2-89c08c21b52b

Тұрғын үй кезегінде 18 жыл тұрған қала тұрғыны Бақыт Молдашова да жаңа пәтер иесі атанды. Баспана кілтін табыстау ресми рәсімі өтетінін естігенде қуанышында шек болмай, алдын-ала дастархан әзірлеген.

Орал қаласының әкімі Мұрат Байменов құрылыс сапасын шолу барысында Бақыт ханымның шаңырағына бас сұғып, дәм татты. Қоныс тойының алғашқы қонағы қала әкімі болғанына мәз-мейрам.

0abed7e9-cc69-4364-a1b5-9597567318b2

– Бүгінгі келіп жеткен қос мейрамымыз құтты болсын! Біздер 2006 жылы Казталов ауданынан көшіп келіп, тұрғын үй кезегіне құжаттарымызды өткізген болатынбыз. Үлкен ұлым ІІІ топ мүгедегі. Осыған дейін, 17 жыл уақыт бойы жалдамалы пәтерде тұрып, небір қиындықтарды өткердік. Осындай игі шараларды жүзеге асырып отырған Мемлекет басшысы мен жауапты қызметкерлерге отбасымыздың атынан алғыс білдіремін, - деді жаңа пәтер иесі Бақыт Молдашова.

88a9f7b9-b563-424d-a66c-6d1f1f0b6e5c

«Тұрғын үй коммуналдық инфрақұрылымды дамыту» тұжырымдамасы аясында мемлекет биыл 175 пәтерді сатып алуды жоспарлаған.

f41de768-1a56-45e4-8876-cd263bc6b469

Бұған дейін 36 пәтер өз иелеріне табысталған болатын. Қалған пәтерлерді жыл аяғына дейін сатып алып, тұрғын үй кезегінде тұрған азаматтарға несиеге бермек.

Нұрым Ғұмар

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале