29.10.2024, 15:45
Оқылды: 183

БҚО-да 1 465 қыз балаға жатыр мойны обырына қарсы екпе салынды

Батыс Қазақстанда 1 465 қыз балаға жатыр мойны обырына қарсы екпе салынды.

IMG_0243

Сурет: istockphoto.com

– Қазіргі уақытта барлық мектептерде жатыр мойны обырына қарсы екпе салу жұмысы жүріп жатыр. Бүгінгі таңда облыс бойынша 1 465 қыз балаға екпе салынды. Екпе 11 жастағы қыздарға ата-анасының келісімімен салынады. Жоспар бойынша 5 500 қыз екпе алуы керек. Бұл бағыттағы жұмыс әлі де жалғасатын болады, - деп атап өтті БҚО онокологиялық диспансері директорының орынбасары Зибагүл Бағжан.

Айта кетейік, жатыр мойны обырына қарсы екпе ата-ананың келісімі бойынша салынады. Егер баланың денсаулығында ақау болса, қызулау, жөтелу байқалса екпе салынбайды.

Жанат Көшкінбай

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале