30.10.2024, 20:30
Оқылды: 100

Ертең Орал қаласында терроризмге қарсы оқу-жаттығу өтеді 

Ертең облыс орталығының аумағында терроризмге қарсы күрес жөніндегі Батыс Қазақстан жедел штабының бастамасымен терроризмге қарсы жоспарлы жедел-тактикалық оқу-жаттығу өткізілетін болады.

1b989807d93ea1750e54cc999dd3f636_1280x720Сурет: gov.kz 

Осыған байланысты, 31 қазан күні сағат 14:00-ден 18:00-ге дейін ҚР ҰҰ 5517 ә/б ауданында (Жуков к-сі, 6), ҚР ҚМ 99250 ә/б (Көкшетау к-сі, 1/6) автокөлік пен халықтың қозғалысына, сондай-ақ Орал-Самара тасжолының (Орал қаласынан шығу, 247 км.) бұрылысынан Бәйтерек ауданы Макарово ауылы бағытындағы "Степной" саяжай қоғамына дейін қысқа мерзімді шектеулер енгізілетін болады.

Қозғалыс маршруттарын алдын ала жоспарлап, сабырлық танытып, құқық қорғау қызметкерлерінің заңды талаптарын орындауларыңызды сұраймыз.

Терроризмге қарсы күрес жөніндегі жедел штабтың БҚО бойынша БАҚ-пен өзара іс-қимыл тобының баспасөз қызметі

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале