Жаңақала аудандық ауруханасының баспасөз қызметі жуырда сол жақтағы варикоцеле диагнозы қойылған науқасқа ота жасалғанын хабарлады.
Фото: Жаңақала аудандық ауруханасының баспасөз қызметінен
Жаңақала аудандық ауруханасының директоры Дәурен Асылбекұлының ұйымдастыруымен, хирург Азамат Дияровтың жетекшілік етуімен жаңақалалық тұрғынға жоспарлы "Операция Мармара" отасы МӘМС есебінен жасалған.
Хирург Өркен Адиетов, хирург ассистенті Азамат Дияров, анестезиолог-реаниматолог Ахатжан Асанханов, анестезист Қожамберді Жұмагелдиннің үйлесімді жұмыс істеуі нәтижесінде ота сәтті жасалды. Қазір науқас палатаға ауыстырылып, тұрақты емін қабылдап жатыр. Жағдайы тұрақты.