Орал қаласында орналасқан Ұлттық ұланның 5517 әскери бөлімінде жас сарбаздардың әскери қызметіндегі маңызды кезеңдердің бірі өтті.
Кеше ғана әскери ант қабылдаған жас сарбаздарға жауынгерлік қару – АК-74 автоматтары салтанатты түрде бекітіліп берілді. Бұл шара олардың Отан алдындағы қызметіне толыққанды кірісуінің маңызды белгісі болды. Салтанатты рәсімге Ұлттық ұлан ардагерлері, бөлімнің офицерлік құрамы және бірлесіп іс-қимыл жасайтын органдардың басшылары қатысты.
Қатысушылар жас сарбаздардың алдағы қызметіне сәттілік тілеп, олардың еліміздің тыныштығы мен қауіпсіздігін сақтаудағы маңызды рөлін атап өтті. Ардагерлер сарбаздарға жауынгерлік дәстүрлердің маңыздылығын түсіндіріп, қаруды дұрыс әрі сенімді қолдану бойынша өздерінің тәжірибелерімен бөлісті. Олар жастарды анттарына адал болуға, темірдей тәртіп пен Отанға деген шынайы сүйіспеншілікті сақтауға шақырды. Сарбаздардың өздері бұл күннің маңыздылығын ерекше сезінгендерін атап өтті. Жауынгерлік қару алу – олардың ел қауіпсіздігін қорғау жолындағы жауапкершілігін арттырып, әскери өмірге бейімделулеріне тағы бір қадам жасалғанын көрсетті. Айта кетейік, Ұлттық ұланның негізгі міндеттерінің бірі – қоғамдық тәртіпті сақтау, стратегиялық нысандарды қорғау және төтенше жағдайларда жедел әрекет ету.
5517 әскери бөлімі осы міндеттерді жоғары деңгейде орындап келеді. Бұл шара жас сарбаздардың жүректерінде үлкен әсер қалдырып, олардың болашақ қызметтеріне деген сенімдерін нығайта түсті
ҚР ҰҰ «Батыс» өңірлік қолбасшылығының
баспасөз қызметі