27.01.2025, 9:15
Оқылды: 159

Оралда тонау және бопсалау дерегі бойынша күдікке ілінген қыздар ұсталды

Орал қаласының екі тұрғыны бірнеше қылмыс жасады деген күдікпен ұсталды, - деп хабарлайды Polisia.kz.

img-2006

Сурет: Polisia.kz 

Тергеу деректеріне сәйкес өткен жылдың қазан айында күдіктілер колледж студентін өз шотынан 40 мың теңгені аударуға мәжбүрлеген. Сонымен қатар тергеу барысында ұсталғандардың бірінің басқа да қылмыстарға қатысы бар екені анықталды. Ол мектеп оқушысынан ақша бопсалап, колледж студентінің қаражатын иемденіп, сондай-ақ басқа студенттің ұялы телефонын ұрлап, оны ломбардқа өткізген. Аталған деректер бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Қылмыстық кодекске сәйкес тонау және бопсалау әрекеттері үшін ауырлығына байланысты 15 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале