8.05.2025, 9:00
Оқылды: 503

Батыс Қазақстан облысында сүт өндірісі артып келеді

АӨК жобаларын кредиттеу бағдарламасы нақты нәтиже беруде.

Батыс Қазақстан облысында ауыл шаруашылығы саласын дамыту бағытындағы жұмыстар аясында сүт-тауар фермаларының құрылысы мен кеңейтілуі белсенді жүргізілуде. Бұл шаралар «Агроөнеркәсіптік кешен саласындағы жобаларға кредит беру» мемлекеттік бағдарламасы арқылы іске асырылып жатыр.

WhatsApp Image 2025-05-07 at 23.39.07

2023 жылы осы бағдарлама аясында 1 900 басқа арналған 4 ірі сүт-тауар фермасын салуға және кеңейтуге бірқатар қаражатбөлінді. Қазіргі таңда осы жобалардың екеуі пайдалануға берілсе, қалған екеуінің құрылысы биылғы жылдың бірінші жартыжылдығында аяқталады деп күтілуде.

WhatsApp Image 2025-05-08 at 09.24.09

Ал 2024 жылы тағы 3,8 миллиард теңге көлемінде бюджеттік несие қаражаты бөлініп, 400 басқа арналған жаңа сүт-тауар фермасының құрылысы қолға алынды. Бұған қосымша, жеке инвесторлардың бірі өз қаражатына осындай қуаттағы тағы бір ферманың құрылысын жүргізіп жатыр.

WhatsApp Image 2025-05-07 at 23.39.06

Жүзеге асырылып жатқан бұл жобалар облыстың сүт өніміне деген ішкі қажеттілігін өтеуге елеулі үлес қосуда. Соның нәтижесінде өңірдегі сүтпен қамтылу деңгейі 22,3%-дан 36,8%-ға дейін артып, жылдық өндіріс көлемін 41,2 мың тоннаға дейін жеткізу жоспарланып отыр.

БҚО Ауылшаруашылығы басқармасы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале