7.12.2016, 18:02
Оқылды: 47

9 айда 129 жемқорлық әрекеті анықталды

Бұл жайлы Оралда өткен сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру, жемқорлық тәуекелдерін талдау, мемлекеттік тәртіпті нығайту мәселелер бойынша семинарда айтылды. Оған облыстық мемлекеттің органдардың басшылары Орал қаласы және аудан әкімдерінің аппарат басшылары және өзге де мемлекеттік қызметкерлер қатысты.

Семинарды ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің облыстық департаментінің басшысы , әдеп жөніндегі кеңестің төрағасы Болат Исақов жүргізді. Семинарда аталмыш департаменттің сыбайлас жемқорлықтың алдын алу басқармасының басшысы Біржан Хайруллиннің, мемлекеттік қызмет саласын бақылау басқармасының басшысы Жақат Мұратовтың, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу басқармасының алдын алу бас маманы Гүлнұр Мырзақаеваның баяндамалары тыңдалды.

Биыл департамент 10 мемлекеттік орган мен ұйым қызметіне сыртқы талдау жасап, 129 жемқорлық әрекетін анықтаған. Облыста 763 мемлекеттік қызметші тәртіптік жазаға тартылған. Ағымдағы жылдың 9 айында мемлекеттік органдардағы  971 бос орынға конкурс жарияланды. Нәтижесінде 538 адам мемлекеттік қызметке қабылданды. Оның 250-і ішкі, 288-і жалпы конкурс бойынша қызметке өтті.

Серік Ихсанғали

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале