1.10.2026, 23:15
Оқылды: 7

Шыңғырлау аудандық төтенше жағдайлар бөліміне жаңа басшы тағайындалды

Бүгін аудан әкімдігінде өткен актив жиынында Шыңғырлау ауданы Төтенше жағдайлар бөлімінің жаңа басшысы таныстырылды. 

image-01-10-26-10-58

Аталған лауазымға азаматтық қорғау полковнигі Айбек Ибрагимұлы Джумабаев тағайындалды. Ол бұған дейін ағымдағы жылдың 16 ақпанынан бастап Шыңғырлау ауданы төтенше жағдайлар бөлімінің бастығы міндетін уақытша атқарып келген болатын.

Жаңа басшыны аудан активіне Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Батыс Қазақстан облысы төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары, азаматтық қорғау полковнигі Елдос Батталов таныстырды.

Айбек Джумабаев Қазақстан Республикасының «Құқық қорғау қызметі туралы» 2011 жылғы 6 қаңтардағы №380-IV Заңына сәйкес аталған лауазымға тағайындалды.

Айбек Ибрагимұлы бұған дейін Орал қаласы Төтенше жағдайлар басқармасының Мамандандырылған жасағының бастығы қызметін атқарған. Құтқару саласында қарапайым қарауыл бастығынан бастап басшылық лауазымына дейінгі еңбек жолынан өткен тәжірибелі маман ретінде жаңа қызметіне кірісті.

image-01-10-26-10-58 (1)

Жиын барысында Елдос Батталов жаңа басшыға жауапты қызметінде сәттілік тілеп, жұмысына табыс тіледі. Сонымен қатар аудан аумағындағы азаматтық қорғау саласын дамытуға көрсетіп отырған қолдауы үшін аудан әкімі Мұрат Өмірәлиевке алғысын білдірді.

Қазіргі таңда аудан орталығында жаңа кешенді өрт сөндіру бекетінің құрылысы жүргізілуде. Сондай-ақ ауылдық елді мекендерде өрт сөндіру нысандарын ашу бағытында да жұмыстар қолға алынған. Бұл бастамаларды жүзеге асыруда аудан әкімдігі белсенді қолдау көрсетіп отыр.

Өз кезегінде аудан әкімі Мұрат Өмірәлиев жаңа басшыны қызметімен құттықтап, алдағы уақытта аудан тұрғындарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағытындағы жұмыстарды бірлесе атқаруға шақырды.

Қаршыға Асу,

Шыңғырлау ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале