1.10.2026, 23:45
Оқылды: 5

Шыңғырлауда ​«Жарас» компаниялар тобы Қарттар күніне орай ардагерлерге пәтер мен көлік сыйлады

Халықаралық қарттар күніне орай «Жарас» компаниялар тобының басшылығы ұжымда ұзақ жыл бойы адал еңбек еткен ардагерлер мен егде жастағы қызметкерлерге құрмет көрсетті.

image-01-10-26-11-00

Компания басшысы Мерболат Тасмағамбетов өндіріс пен ауыл шаруашылығында еселі еңбек еткен тракторшылар, механиктер, жүргізушілер мен қоймашылардың еңбегі компанияның бүгінгі беделінің негізі екенін атап өтті.

Салтанатты жиында ұзақ жыл бойы тер төккен бірқатар азаматқа бағалы сыйлықтар табысталды. Атап айтқанда, компанияда 20 жылдан астам еңбек етіп, өмірден өткен Ерболат Сұлтанғазиевтің отбасына, сондай-ақ зейнеткерлікке шыққан Қанат Садықов пен Забылхан Сәлімгерейұлына қызметтік пәтерлердің кілті берілді. Бұдан бөлек, Қанат Садықовқа пәтермен қоса қызметтік көлік те сыйға тартылды. Ал компанияда 45 жылдан астам еңбек еткен Сапарғали Ақбалиев пен ардагер Александр Козельға арғымақ мінгізіліп, басқа да бірқатар еңбеккерге алғысхаттар мен заманауи гаджеттер табысталды.

Бұл бастама өңірде еңбек адамдарын бағалау мен әлеуметтік қолдаудың жарқын үлгісіне айналды.

Қаршыға Асу, 

Шыңғырлау ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале