16.12.2025, 10:30
Оқылды: 84

Жаңа нысан ел игілігіне берілді

2025 жылы Қаратөбе ауданында ветеринария саласын дамыту бағытында бірқатар маңызды жұмыстар жүзеге асырылуда. Ауылдық округтерде ветеринарлық пункттер салу және мал қорымдарын жаңарту ісі жүйелі түрде жүргізіліп келеді. Осы игі бастамалардың аясында Жусандой ауылдық округіне қарасты Жусандой ауылында жаңа ветеринарлық пункттің ашылу салтанаты өтті.

Қоскөл. Ветпункт 2

Нысан облыстық бюджеттен бөлінген қаражат есебінен салынып, Батыс Қазақстан облыстық Ветеринария басқармасының қолдауымен іске асырылды. Жаңа ғимарат ветеринар мамандарының жұмысын жеңілдетіп, ауыл тұрғындарына сапалы ветеринарлық қызмет көрсетуге мүмкіндік береді.
Салтанатты шараға Батыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Қалияр Шадиярұлы, облыстық Ветеринария басқармасының басшысы Абзал Серікұлы, Қаратөбе ауданының әкімі Қадыржан Орынбасарұлы, сала мамандары мен ауыл тұрғындары қатысты.
Жиын барысында сөз алған Батыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Қалияр Шадиярұлы жаңа ветеринарлық пункттің ашылуы мал шаруашылығын дамытуға, төрт түліктің саулығын сақтауға және ауыл халқының тұрмыс сапасын арттыруға оң ықпал ететінін атап өтті.

Қоскөл. Ветпункт 1
Шара барысында ветеринария саласының ардагері, Жусандой ауылының тұрғыны Сағат Нұриев ауыл үшін маңызды нысанның пайдалануға берілуімен құттықтап, ақ батасын берді.
Шара барысында ветеринарлық пункт ғимаратының құрылысын жүргізген «Ахмадиев» жеке кәсіпкерлігінің уәкілі Артур Базаров жаңа ғимараттың кілтін Жусандой ауылдық округі ветеринарлық пунктінің меңгерушісі Женсікбай Сүйенішқалиұлына салтанатты түрде табыстады.
Жаңа ветеринарлық пункттің ашылуы ауылдағы ветеринарлық қызмет сапасын арттыруға бағытталған нақты қадам.

Райымбек Абаев
Қаратөбе ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале