Қала аумағындағы өзендерде мұз кептелістерінің алдын алу мақсатында мұзды қопсыту және ұсақтауға бағытталған мұз жару жұмыстары жүргізілуде.
Аталған шара су тасқыны кезеңінде өзен арналарының қалыпты өтуін қамтамасыз етуге және төтенше жағдайлардың алдын алуға бағытталған.
Мұз жару жұмыстары Шаған және Деркөл өзендерінің жайылма бөліктеріндегі 10 учаскеде жүзеге асырылады. Жалпы 6 300 шаршы метр аумақта мұз жару жоспарланған.
Бүгін арнайы құрылған комиссияның қатысуымен Білім-инновация лицейі маңында мұз жару жұмыстары жүргізілді.