11.03.2026, 15:30
Оқылды: 88

Орал қаласында 50 әскери қызметші арықтар мен арналарды қардан тазарту жұмыстарына жұмылдырылды

Батыс Қазақстан облысы аумақтық қорғаныс бригадасының жеке құрамы су тасқынының алдын алуға бағытталған кешенді шараларға тартылды, - деп жазады Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі.

_gluster_2026_3_11_efef060fdd8e7d69b620d0646b11cffa_1280x720

Жұмыстар екі апта бойы жергілікті атқарушы органдардың өкілдерімен, төтенше жағдайлар бөлімшелері және азаматтық қорғаныс қызметтерімен бірлесіп жүргізілуде. Әскери бөлімнің 50-ге жуық офицері мен сержанты арықтарды тазалап, олардың арнасын тереңдетіп, су ағарларды қар мен мұздан аршып жатыр.

– Әскери қызметшілер тек жауынгерлік тапсырмаларды орындау кезінде ғана емес, бейбіт уақытта да халыққа қолдау көрсетуге әрдайым дайын. Жергілікті қызметтермен бірлесіп, су тасқыны қаупін азайтып, қала тұрғындарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін қажетті шараларды қабылдап жатырмыз, – деді 99250 әскери бөлімінің командирі полковник Расул Закиров.

_gluster_2026_3_11_aa8f2477d93b6ba3027f75568c0a1669_1280x720

Аталған жұмыстар қардың еруі кезінде тұрғын үй алаптары мен қалалық инфрақұрылым объектілерін су басып қалу қаупінің алдын алу мақсатында ұйымдастырылып отыр. Бұл іс-шаралар еріген судың уақтылы ағып кетуін қамтамасыз етіп, су тасқыны туындау қатерін азайтуға мүмкіндік береді.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале