17.03.2026, 14:45
Оқылды: 20

Тасқынға – тосқауыл

Облыстық  аумақтық  қорғаныс  бригадасының  50  әскери  қызметшісі  Орал  қаласындағы  арықтар  мен  су арналарын  қардан  тазартуды  бастады.

 WhatsApp Image 2026-03-12 at 16.13.43

Әскерилер екі апта бойы жергілікті атқарушы құрылым өкілдерімен, төтенше жағдайлар бөлімшелері және азаматтық қорғаныс қызметінің мамандарымен бірге жұмыс істейді. Әскери бөлімнің 50-ге жуық офицері мен сержанты арықтарды тазалап, олардың арнасын тереңдетіп, суағарларды қар мен мұздан аршуда. Аталған жұмыстар қардың еруі кезінде тұрғын үй алаптары мен қалалық инфрақұрылым нысандарын су басып қалу қаупінің алдын алу, еріген судың уақтылы ағып кетуін қамтамасыз ету, жалпы су тасқынын болдырмау мақсатында ұйымдастырылып  отыр.

Гүлсезім Бияшева,

«Орал өңірі»

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале