9.04.2026, 11:45
Оқылды: 15

Панорамалық терезелері бар пойыз-мейрамхана пайда болады

Жапониядағы жеке теміржол операторы Seibu Railway үшін люкс санатындағы пойыз-мейрамхананы Hitachi Rail компаниясы жасап шығарады. vies деп аталатын бұл пойызды пайдалануға беру 2028 жылдың наурызына жоспарланған. 2026 жылдың наурыз айының соңында Токиодағы POOL DESIGN агенттігі пойыздың дизайны мен логотипін таныстырды, деп хабарлайды Rail-news.kz.

GEAGO1eH79YZ5wOj8YG7WDPkuFYPGeXC0nCAsuNe

Фото: rail-news.kz

Пойыз-мейрамхана сегіз вагонды Laview electric train платформасы негізінде құрастырылады. Бұл пойыздар Seibu Railway компаниясында 2019 жылдан бері пайдаланылып келеді. Кең салондары мен панорамалық терезелері бар жаңа пойыз-мейрамхана заманауи жайлылық пен қауіпсіздік талаптарына сай жасалып, ерекше талғампаз атмосфера қалыптастыру көзделген. Мұнда жолаушыларға жоғары деңгейдегі ас мәзірі ұсынылады.

Seibu Railway компаниясы бұған дейін де 52 Seats of Happiness train атты поезд-мейрамхананы іске қосқан. 2016 жылы J‑TREC компаниясы 4000 сериялы электр пойызын қайта жабдықтап, оны люкс санатындағы мейрамхана пойызына айналдырған. Жаңғырту барысында төрт вагонның әрқайсысы жылдың бір мезгілін бейнелейтін ерекше стильде безендірілді.

2026 жылдың сәуір айында 52 Seats of Happiness пойызының іске қосылғанына 10 жыл толуы жоспарланып отыр. Бұл пойыз негізінен демалыс және мереке күндері Токио орталығындағы Ikebukuro Station және Seibu-Shinjuku Station станцияларынан Seibu-Chichibu Station станциясына дейін, Saitama Prefecture аумағында қатынайды.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале