10.07.2026, 16:30
Оқылды: 8

«Ардақты әке – ұлы тұлға» атты республикалық байқауының өткізу ережесі

Әке – отбасының қорғаны, тәрбиенің темірқазығы, ұрпаққа бағыт-бағдар беретін асыл тұлға. Әкенің ақылы мен еңбегі, сабыры мен жауапкершілігі - отбасының берекесі мен бала тәрбиесінің берік негізі. Әке өнегесі арқылы ұрпақ адалдыққа, еңбекқорлыққа, елжандылыққа, жауапкершілік пен адамгершілікке тәрбиеленеді. Осы орайда, өмірін баласының бақыты мен отбасының берекесіне арнаған, қоғамда сыйлы, отбасында өнегелі, ұрпақ тәрбиесіне ерекше үлес қосып жүрген әкелерді ұлықтау мақсатында «Жаңа Қазақстан» инновациялық орталығы мен «Даму» халықаралық инновациялық орталығы бірігіп «АРДАҚТЫ ӘКЕ - ҰЛЫ ТҰЛҒА» атты республикалық байқауын ұйымдастырады.

WhatsApp Image 2026-07-10 at 16.35.24

Байқауға еліміздің барлық өңірінен отбасында өнегелі, қоғамда белсенді, еңбегімен елге үлгі болып жүрген ардақты әкелерді қатысуға шақырамыз!

Іс-шараның мақсаты: отбасылық құндылықтарды дәріптеу, әкенің бала тәрбиесіндегі орны мен жауапкершілігін насихаттау, қоғамда өнегелі өмір жолымен танылған әкелерді республика көлемінде таныту және олардың еңбегін бағалау. Сонымен қатар байқау арқылы жас ұрпаққа әке тәрбиесінің маңызын түсіндіру, отбасындағы сыйластықты, ұлттық тәрбие мен адамгершілік құндылықтарды кеңінен насихаттау көзделеді.

Республикалық байқауға қатысушылар:

✓ отбасында өнегелі əке атанған, «толық отбасы» қағидасын берік ұстанған азаматтар;

✓ бала тəрбиесіне ерекше көңіл бөліп жүрген əкелер;

✓ қоғамдық өмірге белсенді қатысатын азаматтар;

✓ еңбек жолында табысқа жеткен сала мамандары;

✓ білім, медицина, мəдениет, спорт, өндіріс, кəсіпкерлік жəне басқа да салаларда еңбек етіп жүрген азаматтар;

✓ ұрпағына үлгі болып жүрген зейнет жасындағы ардақты əкелер;

✓ қайырымдылық, қоғамдық жəне тəрбиелік бағыттағы жұмыстарға үлес қосып жүрген азаматтар.

 

Байқаудың шарттары:

Байқау екі кезеңнен тұрады. Бірінші кезең бойынша қатысушы өтініш кестесін толтырып, әкесі жайлы жазылған 2 беттен артық емес өмірбаянын (Word форматында, 14 кегл, Times New Roman, 3-ші жақта), сапалы 3х4 суретін, сондай-ақ өмірбаяндағы жеткен жетістіктерін растайтын құжат көшірмелерін (мыс.: алынған алғыс хат, сертификат, куәлік және т.б.) жіберуі тиіс.

Құжаттар elorda_bilim@mail.ru электронды почтасына немесе +7 747-126-95-05 WhatsApp номеріне 2026 жылдың тамыз айының 15-не дейін қабылданады.

БАЙҚАУ ЖЕҢІМПАЗДАРЫНА:

✓ «Ардақты әке-ұлы тұлға» атты тегін Құрмет грамотасы;

✓ Астана қаласында өтетін салтанатты марапаттау рəсіміне Елімізге белгілі тұлғалардың қолынан арнайы марапаттарды иелену мүмкіндігін алады.

Байқаудың марапаттау рəсімі Астана қаласында конференция түрінде өтеді.

Іс-шара бағдарламасы іріктеліп алынған қатысушыларға жіберіледі. Қорытынды конференция барысында елімізге белгілі тұлғалардың қолынан арнайы марапаттар табыс етіледі.

Әкеңіздің еңбегі мен өнегелі өмір жолын республика көлемінде дәріптеп, оған ерекше құрмет көрсетіңіз. Әркімнің өз әкесі – мақтанышы, құрметке лайық ардақты тұлғасы. Әкеңіздің еңбегі қашанда бағалануға лайық!

Ұйымдастыру алқасының сайты: https://bilim-ork.kz/

Электронды почта: elorda_bilim@mail.ru

Инстаграм паракшасы: @bilim_orkeniety

Ұйымдастыру алқасы: +7 747-126-95-05, +7 747-702-52-62,

+7 707-142-74 -40

ӨТІНІШ КЕСТЕСІ

Қатысушының тегі, аты-жөні

Облыс, қала, аудан, село (ауыл) атауы

Қызмет орны атауы, лауазымы

Қатысушыны ұсынған отбасы мүшесінің аты-жөні, телефоны

Форум атауы:  "АРДАҚТЫ ӘКЕ - ҰЛЫ ТҰЛҒА"

Телефон, ұялы, е-mail.ru

Сапалы түрлі-түсті ¾ фото

Мекен-жайы, жергілікті казпочтаның индекс номері

 

«ДАМУ» халықаралық инновациялық орталығы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале